02.04.2026 күні қаламыздың мектеп бітіруші түлектеріне арналған ашық есік күні аясында маңызды танымдық шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шара 6В07301 – «Сәулет» және 6В07303 – «Жерге орналастыру және кадастр» білім беру бағдарламалары бойынша «Тренинг: құрылыс және жерді пайдалану саласындағы инженерлік технологияларды қолдану және архитектуралық сурет пен композиция негіздері бойынша шеберлік сыныбы» тақырыбында өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп түлектерін сәулет және жерге орналастыру және кадастр салаларындағы заманауи бағыттармен таныстыру, кәсіби бағдар беру және білім беру бағдарламаларының мүмкіндіктерін көрсету болды.

Шара барысында қатысушылар құрылыс және жер ресурстарын тиімді пайдалану салаларында қолданылатын инженерлік технологиялармен танысты. Оқытушылар заманауи әдістер мен кәсіби қызметте қолданылатын құралдар туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар, архитектуралық сурет және композиция негіздері бойынша ұйымдастырылған шеберлік сыныбы ерекше қызығушылық тудырды. Қатысушылар пішін құрастыру, перспектива және композициялық ойлау негіздерін меңгеріп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін іс жүзінде көрсете алды.

Болашақ талапкерлерге 6В07301 – «Сәулет» және 6В07303 – «Жерге орналастыру және кадастр» білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, оқу үдерісі, кәсіби даму мүмкіндіктері мен еңбек нарығындағы сұраныс туралы толық ақпарат берілді.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мектеп түлектері тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды. Осындай шаралар жастардың мамандықты саналы түрде таңдауына ықпал етіп, сәулет және жерге орналастыру салаларына қызығушылықты арттырады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz