Облыс әкімдігінде ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген, түрлі салада табысты еңбек етіп, қоғам өміріне белсенді араласқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиында бірқатар тұлғаларға мемлекеттік наградалар мен Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттары табысталды.
Марапатталғандардың қатарында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Абекешев Аянбек Иманбайұлы да бар. Марапаттарды Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев табыстады.
Бұл марапат – Жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан айрықша үлесі, азаматтық берік ұстанымы мен ел келешегі үшін маңызды қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысқаны үшін берілді.


