Ветеринарияны дамытуда кадрлардың – ветеринариялық қызметті ұйымдастыру, мал шаруашылығына және агроөнеркәсіптік кешеннің басқа салаларына ветеринариялық қызмет көрсету, ветеринария мамандарының жұмысын ұйымдастыру нысандары мен әдістері, ветеринариялық іс-экономикасы, ветеринариялық статистиканың әдістері мен тәсілдері мәселелері бойынша олардың кәсіби білімінің, іскерліктері мен дағдыларының деңгейі маңызды рөл атқарады.

 2022 жылғы 7 желтоқсанда БҚИТУ, ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының оқытушылары кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Жоғары инженерлік-технологиялық колледждің «Ветеринария» мамандығының бітіруші курс студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында университеттегі «Ветеринария» білім беру бағдарламасы туралы, оқыту мерзімдері мен нысандары,түлектердің еңбек нарығында сұранысы, білім алушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру, оқу және өндірістік практика базаларының сипаттамалары, әскери кафедрада оқудан өту шарттары, ЖОО қабырғасында студенттік өмірді ұйымдастыру туралы қажетті ақпарат ұсынылды. Колледж студенттері Биотехнология ғылыми-зерттеу зертханасы және «Шамшырақ» АШӨК-нің жұмысымен танысты. Университте студенттерді оқыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған: қазіргі заманғы оқу-зертханалық корпус, оның аудиториялары мультимедиялық жабдықтармен жабдықталған, жануарлардағы әртүрлі патологияларды диагностикалау, емдеу және алдын алу тәсілдерін практикалық көрсетуге арналған заманауи жабдықтармен және құралдармен жабдықталған зертханалар бар. Оқу-зертханалық корпустан бір қадам қашықтықта ірі қара, қой және ешкі, сондай-ақ зертханалық жануарлар мен ауыл шаруашылығы құсы (тауықтар, қаздар, бөдене) бар виварий орналасқан. Виварийде жануарлармен ветеринариялық манипуляциялар жүргізу үшін төмендегідей жағдайлар жасалған: ірі қара мал денесінің әртүрлі бөліктерінде әртүрлі манипуляцияларды қауіпсіз жүргізуді және жаппай ветеринариялық емдеу үшін бөлінуді қамтамасыз ететін заманауи көпфункционалды фиксаторлар және жеткілікті жарықтандыру және оңтайлы температура сабақтарды қыста өткізуге мүмкіндік береді.

Кездесу жоғарғы деңгейде өтті, ал студенттер тарапынан ЖОО-ға түсу шарттары, оқуға жеңілдіктер беру, емтихан сессияларын тапсыру, университетке түсу шарттары, әскери кафедрада оқу туралы көптеген сұрақтар қойылды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz