2026 жылғы 13 наурызда «Сәулет және құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы Койбагарова Л.Т. «Жерге орналастырудың теориялық негіздері» пәні бойынша «Қазіргі жерге орналастырудың мақсаттары, міндеттері және мазмұны» тақырыбында ашық практикалық сабақты 6В07303 – «Жерге орналастыру және кадастр» білім беру бағдарламасының ЗК-22О тобының білім алушыларымен өткізді.

Сабақтың мақсаты – қазіргі жерге орналастырудың мәнін, мақсаттары мен міндеттерін және мазмұнын ашып көрсету, білім алушылардың жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғаудағы жерге орналастырудың рөлі туралы түсінік қалыптастыру, жерге орналастыру қызметінің негізгі бағыттары мен функцияларын талдау дағдыларын дамыту.

Практикалық сабақ барысында білім алушылар қазіргі жерге орналастырудың негізгі бағыттарын, оның жер ресурстарын басқару жүйесіндегі маңызын, жерге орналастыру шараларын ұйымдастыру және жоспарлау ерекшеліктерін қамтылды. Сабақ барысында талқылау және талдау элементтері қолданылып, бұл білім алушылардың оқу үдерісіне белсенді қатысуына ықпал етті. Білім алушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алатындықтарын көрсетті.

Сабақта білім алушылардың белсенділігі, талқыланып отырған тақырыпқа қызығушылығы және кәсіби білімдерін тереңдетуге деген ұмтылысы байқалды. Білім алушылар теориялық дайындықтың жақсы деңгейін, ұсынылған материалды талдай білу және негізделген қорытынды жасау қабілеттерін көрсетті. Жалпы алғанда, ашық практикалық сабақ қойылған мақсаттарына жетіп, жоғары ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейде өтті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz