Мұнай-газ инженериясы кафедрасында магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптарын талқылау өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты ғылым, білім беру және өндіріс салаларының заманауи талаптарына сәйкес келетін ғылыми зерттеулердің өзекті бағыттарын анықтау болды.
Кездесу барысында магистранттар өз зерттеулерінің алдын ала тақырыптарын ұсынып, олардың ғылыми жаңалығын, практикалық маңыздылығы мен өзектілігін баяндады. Әсіресе салада қолданылатын технологияларды жетілдіру, инновациялық шешімдерді енгізу, сондай-ақ жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Талқылауға магистрант Сагингалиев Ержан қатысты. Кафедра оқытушылары магистранттарға зерттеу тақырыптарының тұжырымдамасын нақтылау, зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындау, әдістемесін және ғылыми ақпарат көздерін дұрыс таңдау бойынша ұсыныстар берді. Талқылау барысында алынған нәтижелерді практикалық тұрғыда қолдану перспективалары және ғылыми зерттеулерді одан әрі дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.
Осындай іс-шаралар магистранттардың ғылыми талдау дағдыларын қалыптастыруға, зерттеушілік ойлау қабілетін дамытуға және орындалатын ғылыми жұмыстардың сапасын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар тақырыптарды талқылау ғылыми зерттеулердің ең өзекті бағыттарын анықтауға және олардың қазіргі ғылыми әрі өндірістік талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жиын қорытындысы бойынша магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұсынылған тақырыптары айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, әрі қарай әзірлеуге ұсынылды.

