2022 жылдың 30 қыркүйек күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Құқық қорғау қызметі» білім  бағдарламасының 4 курс студенттеріне «Жеке адамға қарсы қылмыстар бойынша оқиға болған жерді қарау тактикасы мен әдістемесі» тақырыбында БҚО Полиция Департаменті Жедел-Криминалистік Басқармасының бас криминалисі полиция подполковнигі А.М.Малаевтың және Орал қалалық Полиция Басқармасының Анықтау бөлімінің анықтаушысы полиция капитаны Г.К.Дуйсалиеваның қатысуымен бірлескен тәжірибелік-бағдарлық сабақ өткізілді. 

Сабақ барысында, студенттер жедел-криминалистік және тергеу-криминалистік топтарына бөлініп, оқиға орнында табылған мәйітті қарау тактикасы мен айғақ заттарды табу, алу және бекіту әдістемелері, сәйкесінше сараптама тағайындау түрлері көрсетіліп, студенттердің оқиға орнында топ болып жұмыстануына басты назар аударылды.

Шара соңында, студенттер келген қонақтармен сабақ барысында алған әсерлерімен бөлісіп, студенттердің жұмыстары полиция қызметкерлерімен жақсы деңгейде бағаланды.

Аталған шараны ұйымдастыруға қол ұшын беріп, ықылас білдіргені үшін БҚО ПД-нің қызметкерлері А.М.Малаевқа және Г.К.Дуйсалиеваға «Тарих және құықық» кафедрасы ұжымының атынан алғыс білдіреміз!

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz