27 қыркүйек Халықаралық туризм күніне орай «Күншуақ» танымдық бағдарламасына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеттінің «Есеп және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы Р.С. Ислямовтың жетекшілігімен «Туризм» білім беру бағдарламасының студенттері тікелей эфирге қатысып қайтты. «Эфир қонағы» айдары бойыншақатысқан студенттерге көрермендер сұрақ қойып, өз мерекелік құттықтауларын арнады. Студенттер «Туризм» мамандығының қыр-сырымен бөлісіп, осы саланы дамытудың жаңа бағыттары туралы ойларын ортаға салды. Мамандықтың ерекшелігін көрсеткен танымдық хабар болды.
