2025 жылдың 2-мамырында БҚИТУ Білім және менеджмент институтының педагогика және психология кафедрасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Жеңіс рухы – ұрпақ жадында» тақырыбында кураторлық сағат оздырылды. Шара цифрлық көмекші ChatGPT көмегімен өткен тарихты зерделеу түрінде ұйымдастырылды.

Шара мақсаты студенттердің Ұлы Отан соғысы туралы тарихи білімдерін кеңейту; ерлік, батырлық, патриотизм ұғымдарын психологиялық тұрғыдан талдау; ChatGPT көмегімен дербес іздену, ақпараттық сауаттылық пен аналитикалық қабілеттерін дамыту; тұлғаның ерлікке толы өмір жолын психологиялық модель ретінде қарастыру болды.

«Бауыржан Момышұлының тұлғалық қасиеттері мен әскери психологиясы», «Соғыс кезіндегі жауынгердің ішкі күйзелістері мен төзімділігі», «Аналардың психологиялық ауыртпалығы» тақырыптарында әр топ ChatGPT-тен алған ақпаратты талдап, қысқаша постер қорғады. Психология тұрғысынан ерліктің мотивациясы, стресс жағдайындағы адамның мінез-құлқы, жауынгер психологиясы мен соғыстан кейінгі бейімделу мәселелері талқыланды. «Жасанды интеллектпен сұхбат: қаһарман дауысы» бөлімінде  студенттер ChatGPT арқылы соғыс ардагері бейнесін жасап, сұрақ-жауап форматындағы сахналық көріністі тамашалады.

Шара соңында студенттер іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, патриоттық сана мен тарихи жады туралы ойларын ортаға салды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz