Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл қантөгіс – Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толып отыр.

2025 жылдың 9-мамырында, Жеңіс күні, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ұжымы «Жеңіс» алаңына барып, от пен оқтың ортасында Отан үшін жанын шүберекке түйіп, ерлік көрсеткен батырларды үнсіз еске алып, оларды рухына тағзым етіп, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Шараға университеттің басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz