Жыл сайын 20 мамырда бүкіл әлемде Дүниежүзілік метрология күні атап өтіледі. Бұл халықаралық оқиға бүкіл әлем метролог мамандарының кәсіби қызметінің нәтижелерін мойындау болып табылады. 2025 жылы Дүниежүзілік метрология күні «Барлық уақытта барлық адамдар үшін өлшемдер» ұранымен денсаулық сақтау мен өнеркәсіптен бастап сауда мен экологияға дейінгі күнделікті өмірдегі нақты өлшемдердің маңыздылығын баса көрсете отырып өткізіледі.

БҚИТУ, Салалық технологиялар институтының, ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасы бұл мейрамға орай «КазСтандарт» Қазақстандық стандарттау және метрология институты бастамашы болып табылатын кәсіби мерекеге арналған семинарға қатысты.  Семинардың тақырыбы: “Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің заңнамалық негізі: негізгі ережелері мен қағидаттары, қазіргі жағдайы және даму перспективалары”.

Бұл күн метрология мамандары үшін өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің негізгі ережелері, қағидаттары, қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, құрылымы қаланған «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңын сақтаудың маңыздылығын атап көрсетеді.

Осындай іс-шаралар біздің университеттің 6В07501 «Стандарттау және сертификаттау», 6В07205 «Тамақ өнімдерінің технологиясы мен қауіпсіздігі» ББ-ның оқытушыларына іс-шаралардың орталығында болуға және стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша кәсіби қызметке қатысты іс-шараларға тікелей қатысуға мүмкіндік береді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz