Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің  студенттері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысуды жалғастырып келеді. Осы бастама аясында жастар «Жасыл аймақ» деп аталатын экологиялык акцияның  шеңберінде жас көшеттерді отырғызып қана қоймай, отырғызылған ағаштарды суарып, айналасын тазартты.

Олардың осы акцияға қатысуы өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етіп қана қоймай, қоршаған ортаға жауапкершілік пен қараудың үлгісі болып табылады.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың бастамасымен еліміздін барлық өңірінде жүріп жатыр. Ауқымды экологиялық науқан бес аптаға созылып, оның әр аптасы «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ»  тақырыптарымен жүзеге асуда.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz