Сыртқы академиялық ұтқырлық – БҚИТУ халықаралық қызметінің басым бағыттарының бірі. Біздің университетте сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы белсенді түрде іске асырылуда, оның шеңберінде жетекші шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының өкілдері оқу сабақтарын өткізу үшін БҚИТУ-ға барады.

2023-2024 оқу жылының 2 семестрінде техника ғылымдарының докторы, Самара мемлекеттік техникалық университетінің «Техносфералық қауіпсіздік және сапа менеджменті» кафедрасының профессоры Дмитрий Васильевич Айдаров 6В07501 «Стандарттау және сертификаттау» ББ 2 курс студенттеріне арналған «Менеджмент жүйесі және сапа аудиті» пәні бойынша оқу сабақтарын өткізді.

Академиялық ұтқырлық студенттерге, ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамына білім беру бағдарламалары, ғылыми конференциялар, халықаралық тағылымдамалар шеңберінде шетелдік әріптестермен ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибесімен алмасуға мүмкіндік береді.

Әрине, академиялық ұтқырлық білім беру сапасын арттыруға, әртүрлі халықтар мен мәдениеттер арасындағы өзара түсіністікті жақсартуға, халықаралық қоғамдастықта өмір сүруге және жұмыс істеуге дайындалған жаңа ұрпақты тәрбиелеуге ықпал етеді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz