2025 жылдың 13-наурызында БҚИТУ Білім және менеджмент институты Қаржы және экономика кафедрасының аға оқытушысы А.К. Нурманованың ұйымдастыруымен 1-2 курс студенттері арасында “Жастар арасындағы нашақорлық мәселесі және оның алдын алу” тақырыбында сала маманымен кездесу өткізілді.
Шараға Облыстық психо-наркология диспансерінің психиатр-нарколог маманы Нурлан Фатихоллаұлы Сатанов қатысты.
Нашақорлық – есірткі заттарына паталогиялық құмарлық. Нашақорлық – бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің тұзағына түсіп қалған адамдар көбейіп келеді.
Жастар арасында нашақорлықтың салдары мен оған қарсы күрес жолдарын, қоғамдағы діни өзекті проблемалар, нашақорлықтың қоғамға әлеуметтік-экономикалық әсерін талқыланды.
Нурлан Фатихоллаұлы жастарды зиянды әдеттерден аулақ болып, есірткі пайдаланбауға, заңсыз әрекеттерге бармауға шақырды.



