2025 жылдың 12-наурызында Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің Педагогика және психология кафедрасының 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 6В01202-Мектепке дейінгі білім беру (IP), 6В01101-Педагогика және психология,  7М01101-Педагогика және психология білім беру бағдарламаларын 2025-2026 оқу жылына жаңарту мен толықтыруға арналған Академиялық комитеттің стейкхолдерлермен  біріккен талқылау отырысы болып өтті.     

Білім беру бағдарламаларын талқылауға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары: БҚИТУ бірінші және оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Машанова С.А., Білім және менеджмент институтының директоры Тасмагамбетов А.С., Оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімі жетекшісі Тулегенова А.У. және жұмыс берушілер, студенттер, магистранттар, түлектер, қоғамдық ұйымдардың, кәсіптік бірлестіктердің өкілдері: №13 «Зейін» бөбекжайының меңгерушісі Буентаева М.А., №10 «Балапан» бөбекжайы МКҚК директоры Абдулова Б.Т., Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласының білім беру бөліміне қарасты №7 «Айналайын» балабақшасының МКҚК директоры Кенжегарина А.С., №8 «Арай» бөбекжайының МКҚК директоры Тулешова М.Т., №20 ЖОББМ КММ педагог-психологы Батыргазиева Г.С., Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің әдіскері Сралиева В.А., қалалық ПМПК тифлопедагогы Самарханова А.Т. қатысып, өз ойларымен бөлісті.

Білім беру бағдарламаларын жетілдірудің өзекті мәселелері мен білім беру бағдарламаларын жаңартудың негізгі қажеттіліктері туралы академиялық комитет мүшелері п.ғ.к, қауымдастырылған профессор  Кинжекова Р.С., п.ғ.к, қауымдастырылған профессор Набидоллина Ш.С., п.ғ.к, қауымдастырылған профессор Джонисова Г.К., п.ғ.д. қауымдастырылған профессор Бахишева С.М. өз ұсыныстарымен бөлісті.      

Кездесу барысында қатысушылар білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту бойынша кадрлармен, білім беру бағдарламасын ақпараттық ресурстармен, материалдық-техникалық, практикалық базамен қамтуды ескере отырып өз пікірлерін айтты. Сонымен бірге “Қазақстан Республикасының педагогикалық әлеуетін нығайту” жобасының аясында А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің 6В01202-Мектепке дейінгі білім беру (IP) инновациялық білім беру бағдарламасын негізінде мектепке дейінгі педагогтарды дайындау жалғасады.

Отырыс қорытындысы бойынша бакалавриат, магистратура білім беру бағдарламаларына 2025-2026 оқу жылына жаңарту мен толықтырулар енгізіліп, элективті пәндер каталогын жасақтау ұсынылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz