2026 жылғы 3 сәуірде Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университеті Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы бірлесе отырып, «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту және «Қауіпсіз өңір» жобасын іске асыру аясында «Жасөспірімдер арасында қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараға білім алушылар мен қоғам белсенділері оффлайн форматта қатысса, Zoom платформасы арқылы өзге де көрермендер онлайн қосылды.

Кездесуге Облыс прокурорының көмекшісі–Махсотов Ернат Исатайұлы, Облыс прокуратурасының сот үкімдерінің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы–Руслан Менешұлы Сабыров, БҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты №28 мекеменің бастығы– Абдибеков Сағадат Жомартұлы, тоғызқұмалақтан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері-Қайыржанов Асет Бауыржанұлы, бокстан ҚР спорт шебері, ҚР Чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, кіші Әлем чемпионаты саналатын “Кубок Странджа” турнирінің чемпионы-Сабит Даниял Ақжолұлы қатысты. Телемост форматында ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қылмыстың салдары туралы айтып, жастарды заңды сақтауға шақырды.

Сондай-ақ, спортшылар мотивациялық әңгімелері арқылы тәртіптің, білімнің, салауатты өмір салтының және заңға бағынудың маңыздылығын атап өтті.

Аталған профилактикалық іс-шара жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және өскелең ұрпақ арасында «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz