2026 жылдың 3 сәуірінде «АҚТҚ және ЖҚТБ таралу жолдары мен алдын алу шаралары» тақырыбында кездесу өтті. Шараға 1-2-3 курс білім алушылары белсенді қатысып, өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойып, тақырып бойынша пікірталасқа қатысты. Баяндамашылар: Баймуханова Ляззат Темирбековна, тәжірибелі эпидемиолог дәрігер және сол орталықтың педагогі Галимгалиева Бакытгул Боранбаевна екеуі жұқтырғыш қорғаныш тапшылығының белгілері мен одан қорғану жолдары туралы терең мағлұмат берді. Оның баяндауы қатысушылар арасында өте қызығушылық тудырды. Кездесу барысында қатысушыларға визуалды материалдар ұсынылып, ұсынымдар мен ресурстар бөлінді, бұл ақпараттың маңызды аспектілерін түсінуге көмектесті. Шара соңында тыңдаушылар тарапынан белсенді сұрақтар қойылып, талқылау өтті, бұл аудиторияның тақырыпқа деген қызығушылығын көрсетті. Кездесу барысында алған білімдері мен тәжірибелері арқасында қатысушылардың АҚТҚ және ЖҚТБ-ның алдын алу шараларына деген көзқарастары өзгеріп, жаңа ақпаратпен толықты. Шараның сәтті өтуі «Құқық» кафедрасының ұйымдастырушылық қабілетінің белгісі болып табылады.Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп айта аламыз!

