2024 жылғы 17-21 желтоқсан аралығында ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының базасында Маңғыстау облысының ветеринариялық станцияларының басшылары мен мамандары қатысқан «Ауыл шаруашылығы жануарларының ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша ветеринариядағы инновациялық әдістер» біліктілікті арттыру курстары өткізілді. Біліктілікті арттыру курсына барлығы 21 тыңдаушы қатысты.

БҚИТУ, Салалық технологиялар институтының, ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау курсының оқу бағдарламасы ғылымда, білім беруде, өндірісте болып жатқан инновацияларды, сондай-ақ еңбек нарығының қажеттіліктерін, оқыту нәтижелеріне құзыреттілік көзқарасты, кәсіптік стандарттар мен салалық біліктілік шеңберінің талаптарын ескере отырып әзірленді және сол арқылы тәжірибеге бағдарланды.

Біліктілікті арттыру курсын өткізуге кафедраның ғылыми-практикалық және оқытушылық тәжірибесі бар жетекші профессорлық-оқытушылық құрамы қатынасты. Атап айтқанда ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Е.У. Байтлесов, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Г.Г. Абсатиров, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор М.Ш. Шалменов, ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А. К. Днекешев өткізді.

Біліктілікті арттыру курсы ветеринария және биотехнология ғылыми-зерттеу орталығының базасында, заманауи жабдықтармен жабдықталған мамандандырылған зертханаларда өтті. Әрбір сабақтан тыңдаушылармен пікірталастар, пікір алмасулар өтті. Курс қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табысталды. Мұндай курстар тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды және болашақта жалғасатын болады.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz