2022 жылдың 6 қазан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Есеп және қаржы кафедрасының ұйымдастыруымен бухгалтерлер күніне орай «Жаңа қоғамдағы бухгалтер маманы және оның болашағы» атты дөңгелек үстел өтті.
Бухгалтер мамандығы — қазіргі таңда қаржы және экономика саласында ең қажетті мамандықтардың бірі. Бухгалтерлік есеп және аудит саласында бакалаврлардың білім алуы, бухгалтерлік есеп және есептілікке ақпараттарды қалыптастыруда нақты ережелер мен концепцияларды түсінетін, қаржылық есептілікке бухгалтерлік есептің қазіргі дағдыларын енгізе білетін мамандар даярлауға бағытталған. Дөңгелек үстелге «TechnodomOperator» АҚ аймақтық бухгалтері Бисекенова Г.В., Кардиологиялық орталық экономист-бухгалтері Салімгерей Ж. және аға оқытушы Мукеева У.Б. сөз алып, бухгалтер мамандығының қыр-сырын жеткізе білді. Студенттер өз тарапынан мамандық туралы презентацияларымен таныстырды.