2022 жылдың 7 қазанында жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы Т. Р. Исагулова 6В07301 «Сәулет», 6В04202 «Құқықтану», 6В11201 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын бірінші курс білім алушыларымен Орал қаласындағы Жұбан Молдағалиев атындағы орталық Ғылыми кітапханаға баруды ұйымдастырды. Ақпарат тасқынының дамыған ғасырында кітапхана заманауи технологиялар арқылы кітапхана үдерістерін дамыту, электронды мәліметтер базасын құру, анықтамалық және библиографиялық қызметте әлемдік ақпарат жинау, интернетті пайдалану сияқты қызметтерді өз оқырмандарына ұсынады. Жылдан жылға мәдени мұраның ғасырлар бойғы тарихы бар құнды құжаттары, сирек кездесетін кітаптар, өлкенің тарихы мен мәдениеті туралы әдебиеттер жинақталады, сақталады және толықтырылады. Білім алушылардың кітапханадан шыққаннан кітапхана туралы түсініктері кеңіп , өзара пікірлерімен бөлісті. Кітапханада Ж.Молдағалиевтің жеке заттары, кітаптары, портреті сақталғаны білім алушылардың қызығушылығын тудырды.

