Орал қаласы әкімдігінің 2022 жылдың қазан-қараша айларында «Қала аумағын тазалау, көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі санитарлық-экологиялық айлық өткізу» туралы хатына орай 2022 жылдың 8 қазаны күні Жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасының  «6В01401-Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 2 курсы студенттері ұстаздары Н.С. Куспанов, Т.З. Бегилов бірге сенбілікке қатысты. Сенбілік барысында студенттер Есенжанов көшесі бойын (Омега мостысынан Шолохов көшесі қиылысына дейінгі аралықты) тазалады.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz