28 қазан күні Инженерлік гуманитарлық факультетінде 1-2 курс студенттері арасында «Жаңа Қазақстан және медицина»  тақырыбында пікірсайыс турнирі өтті. Пікірсайыс турнирін Инжиниринг және кәсіби сертификаттау орталығының жетекшісі Ихсанов Кайырбек Айтжанович ашып, әрі қарай фаультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кайыржанов Курмангазы Бекболатович сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Пікірсайыстың мақсаты белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу, сонымен қатар студенттің қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру. Пікірсайыс турнирінің модераторы болып студенттік өзін-өзі басқару ұйымының «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының жетекшісі «құқықтану» мамандығының 2 курс студенті Джубаналиева Руфина жүргізді. Пікірсайыс турнирінде құқықтану кафедрасының студенттері белсенділік танытып, Аманжолова Әйгерім және Кенжетай Талант 1 орынға, Жаилханова Жазира және Қуаныш Артем 2 орынға және Қуанышқалиев Жұмағұл және Хамидолла Аман 3 орынға иеленді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz