2022 жылдың 27-28 қазан күндері Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттері (ұлдар және қыздар) арасында Қазақстан Республикасы күніне орай баскетболдан «Спорт нашақорлыққа қарсы» атты факультет аралық жарыс өтті. Жарыстын мақсаты:

  1. Дене шынықтыру және спорттың көмегімен салауатты өмір салтын насихаттау;
  2. Студенттер арасында достық қарым қатынасты нығайту.
  3. Спорттық шеберлік нығайту және «студенттік лигаға» студенттерді іріктеу.

Жарыс Педагогика факультетінің спорт кешенінде өтіп, екі күнге созылды. Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, униврситет құрамы жасақталды.  

1-ші орын Педагогика факультеті  «Барыс» командасы.

2-ші орын Педагогика факультеті  «Жас Қыран» командасы.

3-ші орын Инженерлік гуманитарлық факультет командасы.

Қыздар командалары арасында:

1-ші орынды Инженерлік гуманитарлық факультет қыздар командасы.

2-ші орынды Педагогика факультеті қыздар командасы.

3-ші орынды Тілдер және менеджмент факультеті қыздар командасы алды.

Сонымен қатар жарыстын ерлер арасында «Үздік ойыншылар» аңықталды:

«Үздік қорғаушы» Жұмабай Жасқанат (Педагогика факультеті)

«Үздік ойыншы» Тасболатов Данат (Инженерлік гуманитарлық факультет)

Қыздар арасында ерекшеланген ойыншылар:

«Үздік қорғаушы» Есембаева Алмаз (Педагогика факультеті)

«Үздік ойыншы» Шаяхметова Ұлжан (Педагогика факультеті)

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz