2023 жылдың 13-қазанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті» кафедрасының 6В01401 – Дене шынықтыру және спорт, 6В01501 – Информатика, 6В01601 –  Тарих білім беру бағдарламаларының студенттеріне “Мақсат” Орал Жоғары медициналық колледжінің эпидемиологиялық пәндер мамандығының оқытушысы Жумагалиева Гулайса Даулеткерейқызы «Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Семинар барысында инфекционист маман Қазақстан бойынша эпидемиологиялық жағдайға ықпал етуші ауруды қоздырушы инфекцияларға, таралу жолдарына, клиникалық сипаттамаларына тоқталып, аурудың алдын алу жолдары туралы сөз етті. Оның айтуынша, кез-келген аурудың алдын-алу шараларының ең бастысы – адамның жеке басының гигиенасын сақтау, инфекцияның жедел таралу кезеңінде адам көп шоғырланатын жерлерге бармау, спортпен шұғылдану.

Батыс Қазақстан инновацялық-технологиялық университетінің дәрігері Т.С.Сүттібаев студенттерге DamuMed қосымшасы арқылы дәрігерге жазылып, кеңес алуға болатынын және тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталғанын ескертті.

Шара барысында студенттер өздерін  қызықтыратын сұрақтарға жауаптар алды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz