2023 жылдың 13-қазанында «Шет тілдері және аударма ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Республика күні» мерекесіне арналған тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – білім алушар бойында өз Отанына, халқына деген патриоттық сезімді тәрбиелеу, өз елінің өткені мен бүгініне деген қызығушылықты дамыту.
Республика күні – халықтың рухын көтеруге, мемлекеттілікті нығайтуға, бірлігіміз бен ынтымақтастығымызды нығайтуға арналған жарқын мереке. Мемлекет басшысы Қ.-Ж. К.Тоқаев өз сөзінде: «Біз әділ Қазақстанды құруға кірістік. Бұл жоғары мақсатқа барлық қазақстандықтардың белсенді қатысуымен ғана қол жеткізуге болады, өйткені мемлекеттің басты тірегі және ең үлкен байлығы – азаматтар», – деп атап өткен болатын. Республика күні – Қазақстанның ұлттық мерекесі. Өзін құрметтейтін кез келген адам өз елінің, халқының тарихын білуі керек. Президентіміздің: «Бұл дүниеде бізде бір ғана Отан бар – ол Қазақстан» деген сөздерін әрқашан есте сақтауымыз қажет.
Тәрбие іс-шарасында патриоттық әндер, терме, өлеңдер, халық билері орындалды. Іс-шараға ПД-111,311, ИЯ-111, КДР-111,311, ПИМНО-111, ПС-111 студенттері қатысты. Мерекелік іс-шараны кафедра меңгерушісі Д.Ж. Құсайынова қорытындылады.

