2022 жылдың 13 желтоқсанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің акт залында тәрбие ісі  жөніндегі проректор Абекешев Аянбек Иманбайұлы мен стратегия және сапаны қамтамасыз ету жөніндегі проректор Муханбеткалиев Аскен Самуратовичтің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Ғылыммен көркейген отбасы – рухани құндылық» атты тәрбиелік маңызы зор кездесу өтті.

Ел ертеңі жастар ортасына бұл жолы ғылымда мектеп қалытастырған, есімдері елге кеңінен танымал қос ғалым Тұяқбай Зейтұлы Рысбеков пен Баян Ғаббасқызы Шинтемирова келді.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым  академиясының құрметті академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Орал қаласының құрметті азаматы Тұяқбай Зейтұлы және тарих ғылымдарының докторы, профессор Баян Ғаббасқызымен кездесу сұрақ пен жауап форматында өтті. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, тәлімді жауаптар алынды.

Кеш барысында өнегелі өмір жолымен кейінгі буынға үлгі болып келе жатқан ғалымдар отбасы туралы деректі фильм көрсетіліп, университет студенттері арнаулары мен әндерін сыйға тартты.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz