Қазақ елі тәңірі берген Тәуелсіздігінің, арайлы азаттығының отыз бірінші жылына қадам басып отыр. Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы бағзы заманнан бері қаншама өзінің іргелі ел, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны – еркіндік сүйгіштік жігерінің, асқақ рухының арқасы.

Қазақ мемлекеттілігінің түпкі негізі сонау сақтардан басталып, ғұн, қаңлы, қыпшақ, Ақ орда мен Қазақ хандығының жалғасы – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекеті.

12 желтоқсан күні Инженерлік-гуманитарлық факультетінің Мұнай газ ісі кафедрасында топ эдвайзерлері Бибигул Аманова, Тойған Утеева, Данагүл Серіковалардың ұйымдастыруымен Тәуелсіздік тұғырым – мақтанышым, мәртебем – деп тәуелсіздік күнін ұлағаттап «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тәрбиелік патриоттық шара өткізілді, шараға 6В07201 / 7М07202 Мұнай-газ ісі білім беру бағдарламасының НД-21О, НД-22О, НД-32О, НД-41О, МНДП-22 топ білім алушылары қатынасуымен жоғары деңгейде аталып өтті. Шараға кафедра меңгерушісі Самал Закиқызы сөз алып, Мемлекетіміздің құндылығы Тәуелсіздік мәртебесінің маңыздылығын атап өтті.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.