Бүгін 18.01.24 ж. құқық кафедрасы 2023-2024 оқу жылының бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының құқық салаларының қазіргі заманғы проблемалары: теория және практика» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

Семинардың басты мақсаты теориялық аспектілерді зерделеу және практикалық проблемаларды, ғылыми-құқықтық және заң практикасын қарау арқылы Қазақстандағы құқық салаларының өзекті мәселелерін талдау және талқылау болды. Сондай-ақ, іс-шара барысында құқық кафедрасының ПОҚ жүргізілген ғылыми-зерттеу қызметі туралы есепті таныстырды, заң тәжірибесінің проблемаларын талқылады, қазақстандық құқық салаларының қазіргі заманғы құқықтық моделіне қатысты тәжірибелерімен және пікірлерімен бөлісті. Семинар барысында құқықтық зерттеудің келесі бағыттары бойынша құқық қолданудың өзекті мәселелері талқыланды:

Серикбекова С.Б. з.ғ.к., – «Современные проблемы  отраслей права Республики Казахстан: теория и практика»; Жумаев Ж.Ж. Э.ғ.к.,  – «Инновация және кәсіпорынның инновациялық қызметі»; Габдуалиев М.Т. з.ғ.к.,  – «Конституционное право гражданина на достаточность жилища»; Абдрашит А.А. з.ғ.к., –  «Особенности квалификации преступлении против личности»; Рахметов Т.Х. з.ғ.к.,  – «Борьба с коррупцией как одно из основных направлений в построении справедливого Казахстана»; Тулеугалиева Ж.К. з.ғ.м.,  – «Азаматтық құқықтық шарттар тобындағы кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартының ерекшеліктері»  Сарсенова А.Ж. з.ғ.м., – «Еңбек дауларын сотта қараудың процессуалдық ерекшеліктері»; Аралбеков Г.Б. – «Кибербезопасность как одна из основных проблем современного общества»; Нұртаза Г.А. з.ғ.м., –  «Кәмелекте толмағандар арасындағы девиантты мінез-құлық ерекшеліктері»; Карагойшиев Е.А. – «Көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтаудың ерекшеліктері»; Таужанов А.М. – «Актуальные проблемы совершенствования уголовного законодательства Республики Казахстан в свете развития демократии»; Черкесов М.А. – «Особенности отдельных видов частноправовых отношений».

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz