2024 жылдың 18 қаңтарында энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының «Өңірді дамытуға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау» тақырыбында ғылыми семинары өтті. Семинардың мақсаты кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру, оқытушылардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсыну және талқылау болды.

Семинарда кәсіпорындар мен ұйымдардың тапсырыстары бойынша орындалған ҒЗЖ бойынша ғылыми жетекшілер мен орындаушылардың есептері; 2023 жылғы қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен ғылыми зерттеулерді орындау бойынша шығармашылық ынтымақтастық жоспарларының іске асырылуы туралы есептері; РФ жоғары оқу орындарының аспиранттары мен ізденушілерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау туралы есептер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға арналған ғылыми-зерттеу жобаларының тақырыптары қарастырылды.

Семинар соңында кафедра меңгерушісі В. П. Захаров қорытындылап, семинар жұмысының негізгі нәтижелерін атап өтті.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz