2026 жылғы 30 наурызда Орал қаласындағы мектептер мен колледждерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарының жоспарына сәйкес кафедраның бекітілген кестесіне сай «Заңгер» мамандығы бойынша Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің студенттерімен кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында университетте жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламалары туралы жан-жақты мәлімет беріліп, білім алушыларға ақпараттық материалдар ұсынылды. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Салалық технологиялар институтында даярланатын мамандықтар жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу аясында Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің 2025–2026 оқу жылындағы ПВ 932 тобында 14 студент, ал ПВ 22 тобында 9 студент білім алатыны туралы мәлімет ұсынылды. Студенттерге талапкерлерді қабылдау тәртібі мен қабылдау емтихандарының шарттары жөнінде толық ақпарат берілді.
Құқық кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А.А. Абдрашит университеттің шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастығы шеңберінде студенттердің шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндіктеріне, сондай-ақ студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының қызметіне ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, А.А. Абдрашит білім алушыларды заңгерлік білім алу мүмкіндіктерімен, мамандықтың келешегімен және құқықтану саласындағы мамандарға деген сұраныспен таныстырды.