2026 жылғы 11 наурыз күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Салалық технологиялар институты «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы Е.А.Карагойшиев кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында Круглоозерный жалпы білім беретін мектебінде 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат беру, университеттің білім беру бағдарламаларын таныстыру және болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру болды.

Кездесу барысында оқушыларға университеттің тарихы мен қызметі, оқу орнының білім беру бағдарламалары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, студенттік өмірі және білім алушыларға жасалған мүмкіндіктер туралы толық мәлімет ұсынылды. Университет жоғарғы білікті мамандар даярлайтын заманауи жоғары оқу орны болып табылады. Сонымен қатар «Құқық» кафедрасында жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары, заңгер мамандығының маңыздылығы, еңбек нарығындағы сұранысы және болашақ кәсіби мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға жоғары оқу орындарына түсу шарттары, Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша қабылдау талаптары, гранттық және ақылы негізде білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында мектеп оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, университетке түсу, мамандық таңдау және студенттік өмірге қатысты қажетті мәліметтер алды. Мұндай кәсіби бағдар беру жұмыстары мектеп түлектерінің болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға және жоғары білім алуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Іс-шара нәтижесінде оқушылар университеттің білім беру бағдарламалары туралы жан-жақты ақпарат алып, алдағы уақытта жоғары оқу орнына түсу мүмкіндіктерімен танысты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz