2025 жылдың 6-ақпаны күні «Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде» түлектермен кәсіби бағдар беру жұмысы өткізілді. Кездесудің мақсаты – колледж бітірушілерге кәсіптік бағыт-бағдар беру және мамандық таңдаудың қыр-сырын меңгеруге көмектесу. Кәсіби бағдар берушілер Салалық технологиялар институтының «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Г.К.Куатбек және 6В04202 «Құқықтану» білім беру бағдарламасының білім алушысы Тлеп Мирас университет студенттерінің қызықты өмірі жайлы толық ақпарат ұсына отырып біздің оқу орнын таңдауға ұсыныс жасады.

