2025 жылдың 10 ақпанында Салалық технологиялар институтының дін істер жөніндегі жауапты тұлға Кайыржанов Курмангазы Бекболатович барлық білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мақсатында «Діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ.» тақырыбына дәріс өткізді.

Кездесудің мақсаты білім алушыларға дін бойынша ақпарат беру, сауатсыздықтан діни ұйымдарға кіру қаупін болдырмау және теріс діни ағымдардың зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Шара барысында елімізде деструктивті діни ағымдардың астыртын үгіт-насихат жұмысы қоғамда кең тарағаны түсіндіріліп, оның алдын алу мақсатында ақпараттық видеоролик көрсетілді.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz