2026 жылдың 19 қаңтар күні 6В04202 «Құқықтану» БББ  білім алушыларына  БҚО Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Бисенгалиева Гулбанит Ерболовна дәріс оқыды.

Қонақ дәрісін ұйымдастырушы  эдвайзерлер: аға оқытушы Карагойшиев Е.А пен аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі – Отеуова А.К сөз алып,  білім алушыларға Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Бисенгалиева Гулбанит Ерболовнаның атқаратын жұмысымен жеткен жетістіктеріне тоқталды.

Жеке сот орындаушы институты сот шешімдерінің орындалу тиімділігін арттыруға, жүктемені азайтуға және азаматтардың құқықтарын нақты қорғауға бағытталған жұмыстары жөнінде айтып шықты.

Жеке сот орындаушы (ЖСО) — сот актілерін және өзге де атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті мемлекет атынан, бірақ жеке практика негізінде жүзеге асыратын тұлға. Оның қызметі ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңымен реттеледі.

Жеке сот орындаушының негізгі міндеттері

  • Сот шешімдерінің уақытылы, толық және нақты орындалуын қамтамасыз ету;
  • Атқарушылық іс жүргізуді қозғау;
  • Борышкердің мүлкін, табысын анықтау;
  • Атқарушылық әрекеттерді заңға сәйкес жүргізу;
  • Тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау болып табылады.

Дәріс соңында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, ашық дәріс сабағы өз мақсатына жетті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz