9 сәуірде Салалық технологиялар институтының Құқық кафедрасының жұмыс жоспарына сәйкес, БҚИТУ мен БҚО ПД арасында Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылары үшін жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында, Орал қаласы Абай ҚПБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі К. К. Сисенгалиевпен осы бөлімшенің № 6 УПП-нің аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Д.Г.Унайгалиевтің қатысуымен ” Кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатырған шаралар туралы” тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді.

Полиция офицерлері өз сөздерінде білім алушыларға құқық бұзушылықтардың жай-күйі туралы, оның ішінде қызмет көрсетілетін аумақ бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы нақты мысалдар келтіре отырып және олардың алдын алу бойынша қабылдап жатырған шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық заңнамасында күшіне енген өзгерістер мен толықтырулар туралы және әйелдерге, кәмелетке толмағандарға және отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту бөлігінде тәжірибеде қолданудың маңызына тоқталды.

Дәріскерлер киберқылмысқа, нашақорлыққа, оларды жастар арасында таратуға назар аударды. Аумақ бойынша қызмет көрсететін аға учаскелік инспектор Д.Г.Унайгалиев учаскелік полиция пунктінің жұмысы, БҚО бойынша ҚАЖД пробация қызметімен есеп контингенті арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша өзара іс-қимыл, азаматтардың құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысуы және полицияға жәрдемдесу туралы айтып берді.

Кездесу соңында қонақтар болашақ заңгерлерді ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың “Заң және тәртіп” туралы көрсеткен талаптарды белсенді қолдауға, барлық құқық бұзушылықтармен бітіспес күрескер болуға шақырды және студенттердің барлық сұрақтарына жауап бере отырып, оқуда жақсы нітижелерге жетуді тіледі.

Іс-шараның модераторы кафедраның қауымдастырылған профессоры, з.ғ.к. Т.Х.Рахметов соңында кафедраның барлық ПОҚ-нан және студенттерден қонақтарға мазмұнды дәріс оқығаны үшін алғыс айтып, қызметтеріне табыс тіледі.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.