Университет ректораты атынан және өз атымнан сіздерді Ғылым қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – еңбегімен, білімімен және табандылығымен ғылымның дамуы мен университетіміздің беделін нығайтуға үлес қосып келе жатқан баршаңызға ризашылығымызды білдірудің ерекше мүмкіндігі. Сіздің мақсаткерлігіңіз, әлеуетіңіз бен өз қызметіңізге шынайы берілген адалдығыңыз- білім ордамыздың да, елдің ғылыми саласының да жарқын болашағының кепілі.
Сіздердің майталмандығыңыз, ізденісіңіз бен шығармашылық шабытыңыз университет беделін арттырып, жаңа идеялар мен пән аралық жобалардың, ғылыми мектептердің құрылуына себепкер болып, түрлі сала мамандарын дайындау сапасын нығайтуда.
Ғылыми көк жиектер кеңейіп, әрбір жаңа идея шынайы жүзеге ассын! Баршаңызға зор денсаулық, шабыт пен қайрат, адал серіктестер мен жарқын жетістіктер тілеймін!
Құрметпен,
Батыс Қазақстан инновациялық-
технологиялық университетінің
Ғылыми жұмыс және халықаралық
байланыстар жөніндегі проректоры И.Н. Жұбантаев