2024 жылдың 18 сәуірінде БҚИТУ Cалалық технологиялар институтының «Құқық» кафедрасында 6В04202 “Құқықтану”, 6В04207 “Сот-прокурорлық қызмет”, 6В04203 “Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыруды құқықтық реттеу” білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға БҚО ПД Тергеу басқармасының аға тергеушісі полиция подполковнигі Н.У. Бекмашев “Жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды тергеу тактикасы мен әдістемесі”тақырыбында қонақ дәріс өткізді.

Өз сөзінде дәл осындай қылмыстық істерді тергеуге маманданған дәріскер адамға қарсы ауыр қылмыстарды, атап айтқанда адамды өлтіруді, оған әртүрлі ауырлықтағы дене жарақатын салуды, адам ұрлауды және басқаларды тергеудің ерекшеліктерін егжей-тегжейлі ашты. Осы санаттағы істер азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді, қоғамдық резонансқа ие, тиісінше болған қылмыстың барлық жағдайларын жедел, мұқият тексеруді талап етеді. Тергеуші бүгін осы санаттағы істерді тергеу кезінде криминалдық полиция, жергілікті полиция, жедел-криминалистикалық қызмет қызметкерлері тығыз өзара іс-қимыл жасайтынын айтты.

Нұртас Уәлиұлы сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды тергеуде, криминалистикалық сот-медициналық, кешенді сот сараптамаларын жүргізуде, тергеушінің күдіктіден, куәдан, жәбірленуші жауап алу кезінде және практикада полиграфта,қолдануы туралы айтты.

Полиция қызметкері өз тәжірибесінен мысалдар келтіріп, осы мамандықтағы қалыптасуы туралы айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz