2024 жылғы 23 сәуірде салалық технологиялар институтының мұнай-газ инженериясы кафедрасы Академиялық комитеттің отырысын өткізді, оған стейкхолдер ретінде: “Жайкмұнай” ЖШС, қабат қысымын ұстау жүйесінің аға супервайзері Рахметуллин Ерлан Гумарович, “Aksai Engineering & Service Company” ЖШС, бас директоры Зулкарнаев Жасталап Ескиндирович, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы және 6В07201, 7М07201/ 7М07202 – Мұнай-газ ісі БББ-ның білім алушылары қатысты.

Академиялық кеңестің отырысында білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту ерекшеліктері және стейкхолдерлердің қажеттіліктері мен еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына өзгерістер енгізу қарастырылды. Академиялық комитет отырысының нәтижелері: 6В07201, 7М07201/7М07202 – мұнай-газ ісі БББ бойынша өзгерістер енгізу бойынша жалпы шешімдерді әзірлеу болып табылды.

Кездесу барысында білім алушылардың нормативтік-құқықтық құжаттар бойынша білімі, мұнай кен орындарын игеру бойынша жобалық құжаттар, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы IT технологияның жаңа бағдарламалары бойынша мәселелер талқыланды.

Кездесу пайдалы болды, білім алушылар диалог пен талқылауға белсенді қатысты. Сонымен қатар, Орал қаласы мен БҚО мұнай-газ кәсіпорындарында білім алушылардың практикадан өтуі туралы мәселе қозғалды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz