03.03.2026 жылы ЮР-35О тобында кафедраның аға оқытушысы Г.К.Куатбек «Ерекше талап қою ісін жүргізу. Ерекше іс жүргізу» тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді. Сабақ барысында ерекше талап қою ісін жүргізу мен ерекше іс жүргізудің құқықтық табиғаты, олардың айырмашылықтары мен қолданылу тәртібі жан-жақты талқыланды. Студенттер теориялық сұрақтар бойынша пікір алмасып, нормативтік-құқықтық актілерге сүйене отырып талдау жасады.
Топтық жұмыс және ситуациялық тапсырмалар арқылы білім алушылар процессуалдық құжаттарды құрастыру, құқықтық негіздеме жасау дағдыларын көрсетті. Мемлекеттік орган шешімдеріне шағымдану және азаматты хабар-ошарсыз кеткен деп тану тәртібі бойынша нақты мысалдар талданды.
Сабақ ашық диалог форматында өтіп, студенттердің белсенділігі жоғары деңгейде болды. Қорытынды бөлімде негізгі ұғымдар бекітіліп, білім алушылардың жауаптары бағаланды. Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, студенттердің теориялық білімін тереңдетуге және практикалық дағдыларын дамытуға ықпал етті.


