Құқық кафедрасы 6В04202 – Құқықтану білім беру бағдарламасының студенті Азбасаров Абылайханды үлкен жетістігімен шын жүректен құттықтайды!

Абылайхан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен Грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында 130 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын иеленіп, жоғары спорттық шеберлігі мен табандылығын көрсетті.

Бұл жеңіс – студенттің қажырлы еңбегінің, жігері мен мақсатқа деген ұмтылысының нәтижесі. Оның жетістігі университетіміздің абыройын асқақтатып, жастарға үлгі болары сөзсіз.Құқық кафедрасы атынан Абылайханға зор денсаулық, жаңа спорттық белестер, алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz