2026 жылдың 19 ақпан күні 6В11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламасының білім алушыларымен БҚО ТЖД ӨСКК жедел кезекшісі, азаматтық қорғау подполковнигі Қабдолов Жарас Жұмагельдиевич «Өнеркәсіптік нысандардағы өрт қауіптілігі» тақырыбында қонақ дәріс өткізді.

Дәріс барысында өнеркәсіптік нысандардағы өрттің туындау себептері, өрт қауіпті факторлар, жарылыс қаупі бар өндірістердің ерекшеліктері және төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар өндірістік объектілерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, эвакуациялау тәртібі, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану тәсілдері туралы нақты мысалдар келтірілді. Білім алушыларға өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы айтылып, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету алгоритмі түсіндірілді. Дәріс соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан толық жауап алды. Аталған іс-шара білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға  теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға және өндірістік қауіпсіздік саласындағы білімдерін тереңдетуге ықпал етті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz