Наурызнама онкүндігі аясында 13 наурыз күні Филология және оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен ұлттық дәстүрімізді дәріптеуге бағытталған Көрісу айт мерекелік шарасы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – халқымыздың көне салт-дәстүрлерін жаңғырту, жастардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру және студенттер арасында рухани сабақтастықты нығайту.
Мерекелік шара барысында қазақ халқының ежелден келе жатқан көрісу дәстүрінің мән-мағынасы түсіндіріліп, тарихы баяндалды. Ұлттық дәстүрге байланысты сұрақтар қойылып, білім алушылар қазақ халқының салт-дәстүрі туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
Шара соңында үлкендер тарапынан бата беріліп, көрермендер ұлттық тағамдардан дәм татты.
Аталған мерекелік іс-шара жастардың бойында ұлттық құндылықтарды қадірлеу, ата-баба дәстүрін құрметтеу және рухани мәдениетті насихаттау бағытында үлкен тәрбиелік мәнге ие болды. Осындай мазмұнды шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жастардың ұлттық рухын нығайтуға өз үлесін қосады деп сенеміз.




