2026 жылғы 24 ақпанда Орал қаласындағы мектептер мен колледждерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу кестесіне сәйкес кәсіптік бағдар беру іс-шаралары өткізілді.
Атап айтқанда, КММ №13 жалпы білім беретін мектебінде 11-сынып оқушыларымен, кәсіптік бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес «Заңгер» мамандығы бойынша АТиСО «Батыс Қазақстан академиялық колледжі» жеке мекемесінің студенттерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Салалық технологиялар институтында жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары туралы кеңінен мәлімет берілді. Оқушыларға университетке қабылдау ережелері, құжат тапсыру тәртібі және қабылдау емтихандарының шарттары түсіндірілді. Сонымен қатар талапкерлерге арналған ақпараттық парақшалар таратылды.
Құқық кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі А.К. Отеуова университеттің шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастығы аясында студенттердің шетелде академиялық ұтқырлық және тағылымдамадан өту мүмкіндіктеріне ерекше тоқталды. Сонымен қатар студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысы мен университеттің қоғамдық өмірі туралы ақпарат берілді.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары оқушылар мен студенттердің болашақ мамандығын дұрыс таңдауына бағытталып, олардың сұрақтарына жауап берумен және кәсіби бағдар берумен жалғасын тапты.