2026 жылғы 24 ақпанда бекітілген кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес «Құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен Орал қаласындағы №2 жалпы орта білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға университетте жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламалары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, оқу нысандары (күндізгі, қашықтан), сондай-ақ оқуға түсу шарттары мен бейіндік пәндер туралы жан-жақты мәлімет берілді.

            «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы Қуатбек Г.К. кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, оқытушылардың ғылыми-зерттеу қызметі, студенттердің ғылыми-практикалық конференцияларға, байқауларға, олимпиадалар мен дебат турнирлеріне қатысу мүмкіндіктері туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар студенттердің ғылыми мақалалар жариялауына, ғылыми үйірмелер мен зерттеу жобаларына қатысуына қолайлы жағдай жасалғаны атап өтілді.

            Білім алушылардың сот органдарында, құқық қорғау органдарында, мемлекеттік билік органдарында, нотариаттық кеңселерде және өңірдегі заң компанияларында оқу және өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру перспективалары, заң саласы мамандарына деген сұраныс, мемлекеттік құрылымдар мен жеке секторда мансап құру мүмкіндіктері жөнінде ақпарат ұсынылды.

            Қуатбек Г.К. университеттің шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастығы аясындағы академиялық ұтқырлық бағдарламалары мен шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндіктеріне ерекше тоқталып, бұл бағдарламалардың студенттердің кәсіби құзыреттерін кеңейтіп, халықаралық тәжірибе жинақтауына ықпал ететінін атап өтті.

Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өту балдары, гранттар мен стипендиялық бағдарламалар, жатақханада тұру шарттары және студенттік өмір туралы сұрақтар қойды. Болашақ талапкерлерге студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының қызметі, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар, волонтерлік жобалар жөнінде де мәлімет берілді. Іс-шара қорытындысы бойынша оқушыларға ақпараттық буклеттер мен қабылдау комиссиясының байланыс деректері таратылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz