2024 жылы 15 наурызда Құқық кафедрасының 6В04202 Құқықтану, 6В04203 Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды құқықтық реттеу білім беру бағдарламасының студенттерімен практикаға бағытталған сабақ өткізілді.

Ынтымақтастық туралы меморандумның аясында, БҚО ПД Анықтау басқармасының аға анықтаушысы полиция подполковнигі Киндихов Миржан Ижанович, бірлесен іс-шаралар кестесі шеңберінде 2 курс білім алушыларына практикаға бағытталған «Жол-көлік оқиғалары кезінде оқиға орнын қарап-тексерудің ерекшеліктері» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді.

Сабақтың мақсаты ҚР Қылмыстық-процестік құқығы пәні бойынша «Тергеу әрекеттері » тақырыбына сай практикалық дағдыларын қалыптастыру болды.

Дәріскер полиция подполковнигі М.И.Киндихов студенттерге қазіргі кезеңдегі жол-көлік оқиғаларының мәселесін, оның нәтижесінде дене жарақаттарын және адам қазаларының орын алуы туралы өте мазмұнды және толық ақпарат берді. Сонымен қатар жол–көлік оқиғаларының негізгі себептері жылдамдықты арттыру және жүргізушілердің автокөліктерді жүргізу мәдениетінің төмендігі аталып өтті.

Жол-көлік оқиғалары кезінде оқиға орнын қарап-тексеру тергеу әрекетінің негізгі қылмыстық құқық бұзушылықты анықтауда басты роль атқаратынына тоқталды.

Білім алушылар тақырып өздерін қызықтырған тергеу әрекеттері бойынша сұрақтар қойып, лектордан толық жауаптар алды.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz