6 қазан күні университетімізде қала мектептерінің оқушылары арасында Brain Battle зияткерлік викторинасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты әрі қызықты форматта өтті.Интеллектуалды сайысқа қала мектептерінің белсенді әрі білімге құштар оқушылары қатысып, өздерінің білімін, логикалық ойлау қабілетін, тапқырлығы мен жылдам шешім қабылдау дағдыларын сынады.Brain Battle барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап беріп, өзара білім жарысына түсті. Викторина бағдарламасында қазақ әдебиеті, кино, мақал-мәтелдер, музыка және логикалық тапсырмалар қамтылып, әр кезең оқушылардың қызығушылығын арттыра түсті.Сайыс барысында ерекше белсенділік танытқан командалар мен оқушылар үшін арнайы бағалы сыйлықтар мен марапаттар табысталды. Сонымен қатар қатысушыларға сертификаттар беріліп, үздік нәтиже көрсеткен командалар арнайы номинациялар бойынша атап өтілді.Іс-шараның басты мақсаты – мектеп оқушыларының интеллектуалдық әлеуетін дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру, командалық жұмыс пен шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастыру.Brain Battle – білім мен бәсекені, тапқырлық пен көңілді бір алаңда тоғыстырған ерекше шара болды. Қатысушылар үшін бұл тек білім сайысы ғана емес, жаңа достар табуға, өз мүмкіндіктерін сынауға және университет өмірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берген жарқын күнге айналды.БҚИТУ ұжымы барлық қатысушыларға белсенділігі мен жоғары дайындықтары үшін алғыс білдіреді және алдағы уақытта да осындай ауқымды зияткерлік жобалар жалғасын табатынына сенім білдіреді!



