2024 жылдың 2 сәуірінде “Ғылым онкүндігі – 2024” жұмысы аясында «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасында «Білім беруде жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді өткізу барысында білім алушылар, оқытушылар және шақырылған қонақ, кафедра түлегі – “MYSKO” студиясының жетекшісі В. В. Мысько қатысты.

Білім беруде жасанды интеллектті қолдану оқытуды жекелендіруге, білімді бағалауды автоматтандыруға, интеллектуалды білім беру платформаларын құруға және оқу орындарын басқаруды жақсартуға әкеледі. Бұл технологиялар оқу процесінің тиімділігін арттырады және оны қол жетімді етеді, дегенмен ЖИ қолдану мен дәстүрлі оқыту әдістері арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды.

«Дөңгелек үстелде» білім алушылар оқытушылармен бірге білім берудегі жасанды интеллекттің негізгі бағыттарын, білім берудің қолжетімділігін жақсартудағы, оқытуды дараландырудағы және оның тиімділігін арттырудағы жасанды интеллекттің рөлін талқылады. Оқу процесіне жасанды интеллектті енгізудің өзекті мәселелері мен перспективалары анықталды, сондай-ақ оқу процесінің этикалық аспектілері талқыланды.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz