2022 жылғы 15 ақпан күні «БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университетінің студенттермен «Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет» кездесу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қоғамдағы құқық бұзушылықпен күресу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнату және тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидасын қалыптастыру.
Кездесу барысында полиция майоры Суыкбаева Айнур Жанабаевна студент жастарға қазіргі уақытта жастар арасында және жалпы қоғамдық орындарда жиі орын алып жататын құқық бұзушылық түрлеріне сипаттама беріліп, нақты деректер келтіріп, олар үшін жауапкершілікке тарту және алдын-алу жолдары туралы түсіндірді.
Есірткіге қарсы іс қимылдар, алдын алу жолдарын, кесірі мен зияны туралы полиция майоры Шарменов Эмиль жастарға ақпарат берді.
Студент жастар құзіретті органдардың мамандарына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алынды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz