2022 жылдың 14 қаңтарында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Жаппай ашық онлайн-курс жасаудың өзекті мәселелері» тақырыбында оқу семинары өткізілді. Семинарда Тілдер және менеджмент факультетінің деканы Раманова Айгүл Абибуллақызы «Жаппай ашық онлайн-курс жасаудың өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндама барысында «Жаппай ашық онлайн-курстар» туралы жалпы мәлімет беріліп, университеттің қазіргі білім беру процесіне жаппай ашық онлайн-курстарды енгізу мен дамытудың қажеттілігі айтылды. Заманауи білім беру кеңестігіндегі жаппай ашық онлайн-курстардың пайда болу алғышарттары мен форматтық ерекшеліктері сипатталды. Университеттегі білім беру процесінде жаппай ашық онлайн-курстарды қолданудың мүмкіндіктерін қарастыра отырып, ЖОО үшін жасақталатын курстардың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы да қарастырылды. Сонымен қатар, университеттегі білім беру процесінде жаппай ашық онлайн-курстарды қолдану кезіндегі есепке алынатын факторлар туралы баяндалды. Жаппай ашық онлайн-курстарды құрудың жоспары, кезеңдері мен құрылымдық ерекшеліктері және оны енгізу мен қолданудың тиімділігі туралы өзекті мәселелер талқыланды.
Екінші баяндамашы Тарих және құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ерназаров Жасқайрат Тлекқабылович «Некоторые методические требования к разработке массовых открытых онлайн курсов (МООК) на Национальной платформе открытого образования Казахстана (НПОООК)» тақырыбында сөз сөйледі.
Баяндамашы Қазақстанның Ұлттық ашық білім беру платформасында жаппай ашық онлайн курстарын (ЖАОК) әзірлеуге қойылатын кейбір әдістемелік талаптарына байланысты нормативтік сілтемелер ұсына отырып, жаппай ашық онлайн курстарды құрудың мазмұны, онлайн-курс форматындағы жаппай ашық онлайн курстардың бағдарламасын әзірлеу, жаппай ашық онлайн курстардың техникалық және жалпы мазмұндық параметрлері және жаппай ашық онлайн курстарды игеру кезіндегі оқыту нәтижелерін бағалауға қойылатын талаптары туралы тың ақпараттарды сөз етті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz