2023 жылдың 18 және 26 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану» кафедрасы және Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасы 6В11301 – «Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» және 6В07101 – «Көлік, көліктік техника және технологиялар» білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының білім алушылар арасында XV Республикалық студенттік пәндік олимпиада ұйымдастырды.
Олимпиада теориялық сұрақтар мен практикалық тапсырмалардан тұрды. Біздің студенттер олимпиаданың барлық кезеңдерінде өз білімдері мен дағдыларын сәтті көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша ОП-32О тобының студенттері Андрей Кузнецов, Темірлан Аукатов, ОП-31О Есқабыл Есболат, ОП-21ОК Шукалаков Ерлихан және ТТТ – 31О Құлшар Айбек алғыс хаттармен марапатталды!
Қауымдастырылған профессор, т.ғ.к., Жазыкбаева Галия Муратовнаны, магистр Гумаров Дастан Жексенгалиевичті және белсенді қатысқан студенттерге алғысымызды білдіреміз.

