2023 жылдың 28 сәуір күні БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультеті «Мұнай-газ ісі» кафедрасы аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі Тойган Насипкалиевна НД-31О тобында «Күрделі жағдайларда ұңғымаларды пайдалану» пәнін оқытудағы «Шаталовтың тірек-сызбасымен оқыту әдісінің тиімділігі» тақырыбында мастер классы өткізілді. Мастер класста білім алушымен оқытушының қарым-қатынасы, оқыту әдістемесімен бірге ақпарат толық көлемде тиімді жолымен жеткізілді. Білім алушылармен кері байланыс ретінде, тірек-сызба дидактикалық әдісі қолданып қорытынды жасалды. Мастер класста профессор – оқытушылар құрамы қатысып қорытындылады және өз ойларымен бөлісті.


